30 қазан күні сағат 08.00 шамасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасының әжетханасынан 1996 жылғы қыздың мүрдесі табылды деп жазады «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм асылып қалған. Ол осы университеттің 4-курсында оқып жүрген екен. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, өлімнің себептері анықталуда.
Айта кетейік, Қазақстан суицид жасаушылардың саны жағынан әлемде алғашқы орындардың бірін, турасын айтқанда 4-ші орынды алады.