$ 446.49  475.38  4.79

Сауд Арабиясының ханзадасы тікұшақ апатына ұшырап қаза тапты (ВИДЕО)

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстігінде орын алған. Үкімет мүшелері мінген тікұшақ апатқа ұшырап, оның бортында болған 9 адамның барлығы қаза тапты деп жазады Al Jazeera телеарнасы.

Қайтыс болғандар қатарында аймақ әмірінің орынбасары ханзада Мансұр бен Мукрин бен Әбдел Әзиз әл Сауд та болған. Сондай-ақ, елдің жоғары шенді азаматтары көз жұмды.

Король отбасының мүшесі қайтыс болғаны туралы мәліметті Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарнасы да растаған. Белгілі болғандай, шенеуніктер мінген тікұшақ аймақты бақылау үшін әуеге көтеріліпті.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сауд Арабиясында осымен төртінші ханзада қайтыс болды. Мәселен, мамыр айында 91 жастағы қарт ханзада Машааль бен Әбдел Әзиз қартайып көз жұмса, жазда тағы бір ханзада Бандар бен Фах бен Саад бен Әбдел Рахман Әл Сауд бақилық болған еді. Ал, тамыз айының басында 26 жастағы ханзада Салман бен Абдалла бен Турки әл Сауд жүрек талмасынан қайтыс болды.

Сауд Арабиясы королінің барлығы 25 мың туысы бар. Олардың 7 мың ханзадалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары