$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстан қылмыс әлемінің серкесі Тәшкендік Бахтидің тойына Мәскеудегі түрмеден тойана жолдап жатыр

Мәскеудегі №5 тергеу абақтысында қылмыс әлемі тобының өкілдері сотталушылардан Тәшкендік Бахти деген атпен танымал өзбек беделдісі Бахтияр Кудратиллаевтың ұлының үйлену тойына 100 мың рубль жинап берді деп жазады centralasian.org.

Бұл туралы тергеу абақтысында отырғандарыдың бірінің әйелі хабарлаған. Ол жеке басының қауіпсіздігі үшін есімі аталғанын қаламайтынын айтты. Өз сөзінің растығын дәлелдеу үшін Telegram мессенджері арқылы бейнежазба жариялады.

Оның сөзіне қарағанда, абақтыда отырған 17 адам Бахтияр Кудратиллаев ұлының үйлену тойына 100 мың рубль жинап беруге мәжбүр болған.

"Күнде-күнді біреу Бахтидің атынан оларға телефон соғады. Қызыл спорт киіміндегі кісінің есімі Гирихан, ол бұл камераның "қараушысы". Сотталушылар ақшаны Бобирмирзо Гулямовқа береді, ол бейнежазбада өзбек тілінде сөйлеп тұр. Сотталушылардың барлығынан 100 мың рубль жиналды. Мен 5 мың бердім. Кейбіреу одан көбірек берді. Мен бұл ақшаға балаларымды бес ай тамақтандырар едім", – деп шағымданды әйел.

Бірақ Бахтидің жақтастары бұны жоққа шығарып отыр.

"Бахти мәскеулік түрмелерге бақылау орнатпаған. "Қылмыс әлемінің" ережесі бойынша, оның бұған құқығы жоқ. Өйткені Мәскеудің өзінің "қылмыс әлемінің дөкейлері" бар", - деді Тәшкендік Бахтидің жақтастарының бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары