$ 498.34  519.72  4.85

Сауд Арабиясында "ханзадалар ісі" бойынша 200 адам ұсталған

Сауд Арабия билігі елдегі коррупцияны зерттеуге байланысты 200-ден астам адамды тергеп, оның тек жетеуін айыпсыз босатты деп жазады Азаттық.

Ондаған жылдар бойында жүргізіліп келген коррупциялық топтың әрекетінен елге 100 миллиард доллар шығын келді деп мәлімдеді Сауд Арабияның бас прокуроры. Оның сөзінше, бұл топтың іс-әрекетін зерттеуге үш жыл кеткен.

Қазір елде бір жарым мыңнан астамның банк есеп шоты бұғатталды. Сонымен бірге, Біріккен Араб Әмірлігінен 19 жоғары лауазымды шенеуніктің банктегі есеп шоттары туралы мәлімет сұраған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Саудиядағы өте бай адамдар бірден активтерін сата бастаған.

Еске салайық, 5 қарашада Сауд Арабияда 11 ханзада мен төрт министр және ондаған бұрынғы шенеунік ұсталған болатын. Бұл іспен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның бұйрығымен құрылған коррупциямен күрес комитеті айналысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары