Жаңалықтар 13.11.2017 сағат 03:28  557

Иранда жойқын жер сілкінісі тіркелді, қаза тапқандар саны 150-ге жуықтады (ВИДЕО)

Иранның Иракпен шекараласатын аумағында жойқын жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 7,2 балл болатын жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте, Иранның Керманшах қаласынан 104 шақырым қашықтықта орналасқан деп жазады РИА Новости.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Апат салдарынан қаза тапқандар саны 141 адамға жетті. Олардың алтауы Ирак азаматтары болса, қалғандары ирандықтар. Бұған дейін 129 адамның қайтыс болғаны айтылған еді. 

Қызыл Жарты ай қоғамдық ұйымы өкілдерінің айтуынша, Иранның 70 мыңға жуық тұрғыны баспанасыз далада қалған. Жергілікті билік өкілдері оларға шатырлар тігіп беруде. Түркия үкіметі Иранға көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар