$ 444.22  476.38  4.82

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады. Сенат спикері депутаттарды Назарбаев идеяларын іске асыруға барлық күшті жұмсауға шақырды.

"Елбасы партия съезінде қазіргі күрделі әлемдік жағдайда Қазақстан экономикасының өсімін арттыруды қарастыратын бес институционалдық реформа ұсынды. Олар - қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігі мен әділ сотты қамтамасыз ету, бірыңғай келешекті, ашық әрі есепті мемлекетті тұрғызуға бағытталған индустрияландыру мен экономиканы әртараптандыру жөніндегі кешенді шаралар. Мемлекет басшысының қоғамның ішкі саяси келісіміндегі ел жетістіктеріне негізделген қазіргі бастамалары қоғамның келешектегі одан әрі тұрақты экономикалық және саяси дамуы мен Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюына деген сенімді қалыптастырады. Бұл реформалардың табысты нәтижелерге қол жеткізуі халықтың берік еркі мен билігі жағдайында ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл - үлкен сын және үлкен жұмыс, ол бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Құрметті депутаттар, сіздерді "Мәңгілік ел" идеясын және Президенттің біздің алдымызға қойған кешенді міндеттерін іске асыруға күш салуға шақырамын", - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары