$ 445.66  474.58  4.78

Қазақ хандығы туралы көркем фильм түсіруші топ Қытайға барды

Қазақ хандығы туралы он сериялы көркем фильм түсіруші топ Қытайға барды.

Олар: «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Арман Әсенов, фильм режиссері Рүстем Әбдірашев, каскадер Жайдарбек Күнғожинов және де басқа   продюсерлер мен актерлер тобы. Қазақстандық делегаттарды продюсер, актер, сценарист Дәлелхан Қадырұлы, режиссер, оператор Нығмет Құсманұлы бастаған Қытай жақтағы түсірілім жауаптылары күтіп алып, «Шыңғыс хан» сериалы түсірілген Моңғол автономиясының Кокхот қаласына апарды. Қазақстандық делегаттар ондағы «Шыңғыс хан» телесериалын түсіру барысында жасалған алаңдар мен құрылыстарды, киім-кешек, қару-жарақтарды көзбен көріп, тәжірибе алмасты.

 Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары