19.03.2015, 18:00

Броконьерлерден бекіре балығының 100-ге жуық данасы тәркіленді

Фото: azh.kz

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері рейдтік шараларды жүргізу кезінде Подгорный аралында заңсыз құнды балық аулау үстінде  2 азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Қайықты тексеру барысында  2 жәшік ау мен 97 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша жиналған материалдар құқық қорғау органына жолданды.