$ 442.05  474.14  4.74

Түркіменстанда әскерилер ел күзетудің орнына мақта теріп жүр

Түркіменстанда мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, соның ішінде әскерилерді де мақта теруге тартып жатыр. Республика биыл 1 миллион 50 мың тонна мақта жинауды жоспарлаған деп жазады Азаттық тілшілері.

Ахал облысы Рухабад ауданының бір мұғалімінің сөзіне қарағанда, ұстаздар мақта жинауға тамыз айынан бері шығып келеді екен.

"Демалыстан соң мектеп директорына 60 келі мақта жиналғаны туралы анықтама әкелу керек. Оқытушылардың онсыз да жұмысы жеңіл емес", - деді мұғалім.

Өздері мақта жинауға қолдары тимейтін мұғалімдер басқа жұмысшы жалдауға мәжбүр. Бір мақта жинаушының қызметі 10 манат (2.85 доллар) тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары