$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде қорадан қашқан бұқа үш күннен бері ұстаптай көше кезіп жүр (ВИДЕО)


Ақтөбе қаласында мойнына арқан жіп байланған қара бұқа көліктермен ілесіп, көшеде жүгіріп жүр. Instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасына жүктелген видеоға пікір білдірген желі қолданушылары бұл жағдайдың бүгінмен үшінші күнге жалғасып жатқанын айтады. Тіпті, мал иесі де видео астына малына іздеу салыпты.

Видео авторы оқиғаға бүгін куә болғанын жазған. Ал, қала тұрғындары бұқаны бірнеше күннен бері айналасына адам жуытпай, көше кезіп жүргенін мәлімдеп отыр. 

«Өткенде Берсиева көшесінде жүгіріп жүрген», «Масқара, әлі жүр ме?» «3 күннен бері әлі жүр ғой. Неге бір адам ұстай алмаған?», – дейді Instagram қолданушылары. 

Мал иесі де видео астына бұқасына іздеу салып, «Мына бұқа менің малым. Тимеңіздерші. Неше күннен ұстатпай жүр. Көрсеңіздер хабар беріңіздерші» деп пікір қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары