$ 447.4  477.55  4.76

Барак Обама Иран халқын наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ президенті Барак Обама Иран халқын наурыз мерекесімен құттықтады.

«АҚШ пен бүкіл әлемде наурызды тойлайтын халықтарды наурыз мейрамдарымен құттықтаймын» - деп сөз алған Барақ Обама видео- үндеуде Иран жастарын ел басшыларынан ядролық бағдарламаға қатысты мәселені шеуді талап етуге шақырған. «Біз наурызға арнап дастархан жайып, жаңа жылдан жақсылық тіледік. Биыл Иран мен халықаралық қауымдастық арасында жақсы ынтымақтастық орнайды деп үміттенеміз. Иран халқы, сіздерді ортақ болашағымызды бірге қорғауға шақырамын. Екі елдің бұл мәселені бейбіт жолмен шеше алатынына сенемін. АҚШ пен басқа елдер Иранның халықаралық міндеттеріне сай бейбіт мақсатта қолданатын ядролық энергияға ие болу ниетімен келіседі. Сондықтан Иран маңызды және ашық қадамдар жасап, ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтініне бүкіл әлемді сендіруі тиіс. Ондаған жылдар бойы бір-бірімізге сенбей, үреймен қарап келдік. Енді міне ерте көктем келді. Қазір бізге өз еліміз бен бүкіл әлемге пайдамыз тиер сәт туып тұр. Ендеше біз – ирандықтар мен америкалықтар осы сәтті пайдаланып, жаңа дәуірдің гүлін жандандырайық. Наурыз құтты болсын», - деді Ақүй басшысы.

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары