$ 448.56  478.03  4.79

Елбасы қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды наурыз мейрамымен құттықтады.

"Сарыарқа" республикалық велотрегінде өтіп жатқан "Наурыз - Нұрлы жол" атты мерекелік шарасында Елбасы: "Барлық қазақстандықты күннің бірінші жылы шуақтарымен келетін жарқын мейрам Наурызбен құттықтаймын. Осы жылдар бойы сіздермен бірге тұрғызған еліміз - Қазақстан қуатты әрі күшті мемлекетке айналды, әрбір қазақстандық өз елімен мақтанады. Біз Қазақстанды тұрғызып жатырмыз, оны өз халқына қызмет ететін танымал, ұлы, күшті мемлекетке айналдырып жатырмыз", - деді.

Елбасы және де Қазақстан болашаққа бағдары етіп белгілеген 2050 жылға дейін дамыған отыз елдің қатарына қосылу, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру, халыққа баспана салу, денсаулығын нығайту және басқа да міндеттерді орындауға жұмыс атқарып жатқанын айтты.

"Қазір, әлемде дағдарыс болып жатқан кезде, біздің тауарымыздың құны түсіп жатқан уақытта көптеген қиындықтарға тап болдық, бірақ Қазақстанның күштілігі сондай, ол дағдарысты өткеріп жатыр. Мен ұсынған бағдарламаларды білесіздер. "Нұрлы жол" - бұл қиындықтарға қарсы жауабымыз, сонымен қатар, біз инфрақұрылымдық жобаларды іске асырамыз, бұл Қазақстанның барлық өңірлеріне қатысты, автомобиль, темір жолдары, әуежайлар, жаңа баспаналар. Төрт жылдың өзінде 30 миллион шаршы метр салынды, жаңа балабақшалар, ауруханалар, тұрғын үй шаруашылықтарының қайта құрылуы", - деді Елбасы.

"Істеліп жатқан істің бәрі қарапайым адам үшін, қарапайым халық үшін, оның жұмысы, баспанасы болуы үшін, балаларының жақсы оқуы үшін, бізді жақсы емдеуі үшін. Мұның барлығы мемлекеттің ісі. Осы бағдарламаларды орындасақ, біздің болашағымыз бұдан да тамаша болады. Ол үшін біздің бірлігіміз, елдегі тұрақтылығымыз қажет, бір-бірімізге деген құрметіміз, сеніміміз және махаббатымыз болуы керек. Бұл мейрам сондай, оның алдында болғанның бәрі кешірілетін мейрам, адамдар жамандықты ұмытып, болашаққа ұмтылады, бір-біріне жақсылық пен бақыт тілейді. Әрқайсыларыңыздың отбасыңызға аман-саулық, керемет мереке, халқымызға болашақ тілеймін. Мерекелеріңізбен", - деп сөзін қорытындылады елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары