22.03.2015, 18:00

Ақмола облысына аса ірі көлемде есірткі затын әкелген Астана тұрғыны тұтқындалды

Ақмола облысына аса ірі көлемде есірткі затын әкелген 52 жастағы Астана тұрғыны тұтқындалды.

Күдікті 22 наурыз күні облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес бойынша арнайы бөлімше қызметкерлері мен аудандық ІІБ полицейлері бірлесіп, жүргізген рейд барысында ұсталды. 22 наурыз күні түнгі сағат 03:00 мөлшерінде Атбасар ауданының Мариновка селосында күдіктінің автокөлігі тоқтатылып, тексерілген. 52 жастағы Астана тұрғыны полицейлердің күдігін туғызған. Тінту барысында жүк салғыштан  үш сөмкеге салынған 27,8 келі есірткі заты табылды.

Күдікті ол есірткі затты «Астанадан шыға берісте тауып алып, оны Атбасар қаласына көзін құртуға әкеле жатырмын» деп ақталды. Тексеру барысында бұл күдіктінің наурыз айының басында Астана полицейлерімен аса ірі көлемде есірткі затымен ұсталынып, ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен жүргені белігі болды. Дәл қазір күдікті Атбасар аудандық ІІБ уақытша оқшау орнында қамалып, қылмыстық іс қозғалды.

Skifnews ақпарат