Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушылар мінген шағын автобус апатқа ұшырап, бір әйел адам қайтыс болды. Сондай-ақ, тағы 7 адам жарақат алған деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға 27 қарашаға қараған түні Алматы-Термез тас жолының Төлеби ауданына қарасты бөлігінде орын алған. Ішіне жолаушылар мінгізген шағын автобус жүк көлігіне соқтығысыпты. Оқиға орнына жеткен полицейлер «Старекс» шағын автобусының ішінде тойдан қайтып келе жатқан туысқандардың болғанын анықтады. Көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, КамАЗ жүк көлігінің артына кіріп кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан облыстық клиникалық ауруханаға әртүрлі деңгейде жарақат алған жүргізуші және шағынавтобустың 7 жолаушысы, оның ішінде 7 және 13 жастағы балалар да жеткізілді. Арухананың жансақту бөлімінде 1981 жылы туған әйел өзіне келмей қайтыс болды.
Аталған жайт ҚР ҚК 345 бабы 3 б. «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.