$ 494.87  520.65  4.91

Шоу-бизнестің сүр бойдағы Тәуекел Мүсілім қашан үйленетінін айтты

Миллиондаған қыздың жүрегін жаулап, арманына айналған Тәуекел Мүсілім отбасын құру туралы сөз қылды.  Бұл туралы ол Caravan.kz порталының тілшісіне айтып берді.

Тәуекел әлеуметтік желілер мен түнгі қыдырыстар адамның жеке өміріне орасан кері әсер етіп жатқанын айтады. Оның ойынша, екі адамның ара қатынасы жеңіл басталғаннан кейін, оның бағасы да төмен болады екен.  

«Шындыққа келер болсақ, ажырасу – кәдімгідей келелі мәселелердің бірі болып отыр. Айырылысқан таныстарым көп. Олардың балалары қазір екі оттың ортасында қалғандай күй кешіп жүр», – дейді ол.

Бұл жағдайдың алдын алу үшін актер отбасын құратындарға кеңес берді. Яғни неке сарайына бармас бұрын екі жас біраз уақыт бірге тұруы керек дейді.

«Қазір жастар үйленетін болса, несие алады, дүркіретіп той жасайды. Сосын отбасылық өмір басталады. Қарыздан құтылу керек. Қаржы мәселесі. Ұрыс-керіс. Бұрынғы жүріп жүргендеріндей ойын-күлкі жоқ. Аралары суиды. Ажырасып тынады. Одан да орыстар сияқты азаматтық некеге тұрып, бірге өмір сүре ала ма, соған көз жеткізу керек. Ал, той кейін де бола береді», – дейді актер.

Осы орайда Тәуекел миллиондаған қыздың көкейінде жүрген сұраққа да жауап берді, яғни, осы уақытқа дейін отбасын құрмай жүргенінің себебін түсіндірді.

 «Мен өзім әкесіз өскен адам ретінде айтар болсам, он рет ойланып барып, отабасын құрар едім. Егер үйленсем, ажыраспайтындай болуым керек», – дейді Тәуекел Мүсілім.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары