$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде автобус жүргізушісі бір қолымен көлік айдап, екіншісімен Instagram желісін парақтайды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жолаушыларға лық толы автобустың жүргізушісі бір қолымен көлік айдаса, екіншісімен смартфонымен Instagram-ды парақтайды. Бұл сәтті жолаушылардың бірі байқап, бейнекамераға түісіріп алыпты.


Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі zello_aktobe парақшасында жарияланған. Автордың айтуынша, жол көктайғақ, соған қарамастан автобус жүргізушісі жолға емес, ұялы телефонға қарап келеді. 
«Сәлеметсіздер ме. Бүгін №9 автобусқа отырдым. Жүргізуші Instagram-да отыр», – деп жазған жолаушы. 

Сондай-ақ, қоғамдық көліктен түсе салысымен куәгер автобустың мемлекеттік нөмірін де (285АF04) камераға түсіріп алған.

Қазақстанда да көлік жүргізіп келе жатқан адамға телефон қолдануға тыйым салынған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 461-бап 1-бөлігіне сәйкес, «көлік басқарып келе жатып телефон немесе радиостанция қолданған» жүргізушіге 8 мың 655 теңге (шамамен 58 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары