Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұруға және шығуға болады. Жаңа жоба келесі жылдан бастап үкімет порталы арқылы іске асырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Мамандар электронды үй кітапшасын әзірлеген. Кітапшаға ақпарат және коммуникациялар, әділет және ішкі істер министрлігіндегі мәліметтер біріктірілген.
«Максималды түрде құжаттар топтамасы қысқарды. Яғни бұрын тіркеуге келген азаматтар жеке басын куәландыратын құжатты, сонымен қатар үйіне құқық беретін екінші нысандағы арнайы анықтамаларды беру талап етілетін болса, енді тек жеке куәлікпен ғана келу міндеттедеді», – дейді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инстпекторы Анар Жомартова.
Жаңа жүйе халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді оңайлатады. Ал үй үйесінің өз меншігінде тұрған адамдар туралы толық мәлімет алуға мүмкіндігі болады. Бұл жаңашылдықтар бірінші кезекте адамдардың уақытын үнемдеуді көздеп отыр.