$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда тағы 18 көшенің атауы қазақшаланбақ

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өкілдерінің айтуынша, қалада көптеген көше атаулары ескіре бастаған. Олар мұны қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді. Ал жұртшылық өз кезегінде жол белгілерін дайындау барысында Тілдер туралы Заңның бұзылмауына назар аударуды сұрады деп жазады kartv.kz.

«Тіл туралы заңға» сәйкес барлық сыртқы және көрнекі ақпарат екі тілде жазылуы тиіс. Ол келесі тәртіппен ұйымдастырылады: жоғарғы сол жақта – мемлекеттік тілде, төменгі оң жақта – орыс тілінде. Бірақ, қазіргі таңда бұл норманың сақталмай отырғанына қоғамдық кеңес мүшелері назар аударды.

«Өз басым 5 жерден заңның бұзылғанын көрдім. Мәселен, «Центр» дегеннің жанында «орталық» деген жазу жоқ. Әкімдік тек орыс тілінде жазылған. Бұл тек менің көргендерім ғана. Жол белгілерін әзірлеу кезінде неге Тіл туралы заң сақталмайды? Осы сұраққа байланысты біз Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісіне хабарластық», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Жәнібек Садықанов.

Ал, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болса, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылатынын жеткізген. Айтуларынша, алда қаладағы 18 көшеге қазақша атау берілетін болады.

«Хат жолдадық. Бір жыл бұрынғы тексеріс нәтижелері бойынша барлық жол белгілері екі тілде болуы керек деп жауап келген. Әзірге коммуналды шаруашылық бөлімінен нақты жауап ала аламадық. Тек, ауызша әңгімелесу барысында олар 2018 жылы тізімдегі 18 көшені қазақшалауды қарастыратындарын айтқан. Яғни, Отвальная, Батарейная, Болотная, Революционная деген көшелердің орнына Достық, Азаттық, Жұлдыз, Нұрлы Жол деген атаулар ұсынылды, – дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Динара Сартаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары