$ 444.22  476.38  4.82

Орал қаласында ілінген Ресей туына байланысты қоғам белсенділері өз пікірлерін білдірді

News.nur.kz сайты Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласында наурыз мерекесінде көшелерге еліміздің бірде-бір туы ілінбегенін, есесіне Ресей жалаушалары әр сауда орындарының төбесінде желбірегені туралы ақпарат таратты. Әзірге наурыз мерекесінде неліктен Ресей туының ілініп тұрғаны турал ресми билік жақ ашпаған. Осы мәселеге байланысты қоғам белсенділері, сарапшылар, журналистер өз пікірлерін білдірді.

Экономист, қоғам белсендісі Марат Уатқан: «Орал қаласында Наурыз мерекесіне орай көшелерде еліміздің туы емес, көрші  мемлекеттің туынын ілінуі - өте көңіл аландатарлык жағдай деп бағалаймын. Әсіресе, сол кездің өзінде бұндай оғаш оқиға жергілікті турғындар неге назар аудармаған? Екіншіден, мемлекеттік құқық қорғаушы мекемелер де көз жұмып қарап отырды ма?» десе, медиа сарапшы Амангелді Құрметұлы: «Меніңше бұл биліктің мұндай мəселелерді ұсақ-түйек деп бағалауының көрінісі. Сонымен қатар жергілікті шенеуніктердің Ресеймен экономикалық одақты қалай қабылдайтындығының көрінісі. Яғни, жергілікті шенеуніктердің өзі экономикалық одақ түптің-түбінде саяси одаққа айналады деген ойда жүрген шығар бəлкім. Əйтпесе, заң талаптарын алға тартып мұндай оқиғаларға жол бермеуге болар еді. Əттең, əзірге билікте мемлекетшіл азаматтардың қатары аз. Екіншіден, мұндай салғырттықты арандату деп те бағалау керек. Себебі, өзге елдің туын көтергендерді тыймау арқылы шенеуніктер сол арандатушыларға ерік беріп отыр. Ал, өзге мемлекеттің туының ілінуі ұлтаралық жанжал тудыруы мүмкін. Кез келген этникалық жанжал тұрмыстық деңгейдегі түсініспеушіліктен басталады да, саяси сипат алады. Сондықтан, бұқараның ашу-ызасын туғызатын кез келген мəселеге қатысты билік дер кезінде үн қатып отыруы керек. Өкінішке қарай бізде олай емес. Жалпы, бізді арандату үшін солтүстіктегі көрші барын салып жатыр. Егер билік заң аясында нақты тосқауылдар қоймаса, бұқара өз бетінше əрекет етеді де, нəтижесінде ел іші бүлінуі мүмкін. Ондай жағдайда ашуланған бұқараны сабасына түсіру қиын жəне сыртқы күштер мұны тұрақтылықты шайқау үшін қолданары хақ. Сонымен қатар, билік ұлттың намысын қазір қорғап үйренбесе, халықтың билік органдарына сенімі төмендей береді. Бұл қажет кезінде биліктің дұрыс саясатын түсінетін жəне оны қолдайтындардың санын кемітпек. Мұны да ескеру керек. Өкініштісі, билік ұлттың намысын ұмытты», - дейді. Журналист Думан Бықай: «Мұндай жағдайға бірінші куә болып отырған жоқпын. Еуразиялық одаққа біріккелі және Путин күшейіп "орыс әлемін" туралы идеяны тұтас ТМД-ға таратқалы бері "өзіміздің орыстар" өзгеріп жатыр. Бертінге дейін Қазақстанның тәуелсіздігін көре алмаған, қазақты бостан ел ретінде бағалай алмайтындардың дені 90 жылдары көшіп кетті ал өзгелері бізді егемен ел ретінде мойындады деген пікірде болғанмын. Қателесіппін. Қазір әлеуметтік желілер ғана емес, жекелей сайттар ашылып жатыр. "Қазақстан Ресеймен бірге" дегенге саяды. "Казахстан с Россией" деп аталады. Сенбесеңіз кіріп көріңіз? Сосын көліктерінің артына екі туды қатар іліп қоятындарды да көрдім. Іштей не үшін деп ойлаймын? Осындағы орыстар өздерін орыс емес әлдеқашан қазақстандық деп санайтын кезі жеткен жоқ па? Орал менің білуімше жалпы орыстанған қала. Сосын суреттен көргеніміздей бұл туларды сатуға қойған сияқты. Және сатушылардың да дені орыс. Орал Ресейдің Саратов қаласына жақын жатыр десе болады. Әлде екі қала бірігіп ортақ жәрмеңке өткізді ме екен...білмеймін. Бұдан бір жайтты анық көруге болады. Орыстар "Қазақстан мен Ресей қайта бірікті. Қайтадан «ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болады» деп ойлауда. Сосын қазақтілді қоғамның тарапынан қарқынды қарсылық жоқ қой. Мәселе билікт емес, ал мейрамға қатысқан әлгі алаңдағы  жұрттың арасынан "әу мұның қалай " дейтін ешкім табылмады ма? Біз үндемегесін, былайша айтқанда қабақ шытып, қарсылық танытпағасын қыл аяғы жаман саудагеріне дейін құтырады. Меніңше, қазіргі Қазақстандағы татулық, бейбітшіліктің өзі біздің үндеместігіміздің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Иә, Алматыда тірілу, Кремльден тарайтын ақпаратқа мойынсұнбау бар. Алайда өзге өңірлер өлі. Шыны керек біз Кереку мен Қызылжарда не болып жатқанын білмейміз», - дейді.

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары