$ 498.34  519.72  4.85

Теңгебаев айтпаса, талай береді

Бір көліктің Қазақстанның әр түкпірінде бюджеттің ақшасына сатып алынған бір санаттағы көлік бағаларының арасындағы айырмашылықта 40 пайызға дейін алшақтық бар.

Бюджеттің қаржысына алуға жоспарланған, бір жылда, бір санатта шыққан бір ғана машинаның бағасы әр аймақта әр түрлі екенін Қаржы вице-министрі А.Теңгебаевтың өзі айтып отыр.

Осы мәселе бойынша жергілікті бюджет бағдарламасын үйлестіретіндерге тиісті хат та жолданған.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінетін бюджеттің әр тиыны мен теңгесі белгісіз бағытқа бұрылып, жоқ болып кетпес үшін Қаржы министрлігінің жанынан арнайы жұмыс тобы да құрылған. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет мемлекеттік тапсырыс жеңімпаздары туралы барлық ақпаратты жұмыс тобына беріп отырады. Ары қарай салық орындары жеңімпаздар арасынан тәуекелшілдер тобын анықтайды. Ал бұлар төменгі салық жүктемесіне ие салық төлеушілер. «Есепшоттарға жекелеген талдау жасалып, әртүрлі дәрежедегі барлық тасымалдаушылар қарастырылады. Ал бұл жағдайда тәуекелшілдер тобындағы салық төлеушілер тарапынан заң бұзушылық болса, толық төленбеген салығын төлеуге мүмкіндік беріліп, оларға ескерту қағазы жолданады. Егер бұл ескертуді салық төлеуші орындамайтын болса, онда материал мемлекеттік кіріс комитетінің экономикалық тергеу қызметіне жіберіледі. Ал олар болса ары қарай өз жұмысын жалғастырады»,– деді жұма күнгі брифингте А.Теңгебаев мырза.  

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары