$ 439.43  473.31  4.82

КВН командасының капитаны бюджет қаражатын жымқырған

Тәжікстан КВН құрамасының басшысы Хайрулло Мирсаидов 5 желтоқсаннан бері қамауда отыр, деп хабарлады оның туыстары. Оған мемлекет қаражатын басқа мақсаттарға жұмсады деген айып тағылған. Команда 2014 жылы Соғды облысының басшысы Абдурахмон Кодиридің бастамасымен жасақталған деп жазады Азаттық тілшілері.

Мирсаидовты үш тәулікке қамаған, бүгін сот оны босату немесе қамауда қалдыру туралы шешім шығарады.

Хайрулланың әкесі Хабибулло Мирсаидовтың хабарлауынша, сейсенбі күні оның ұлын Соғды облыстық прокуратурасы шақыртқан. Сол күні оны қамаған. Қазір ол Худжандтағы тергеу абақтысында отыр. «Адвокат оған бірнеше мәрте тамақ пен жылы киім алып барды, біз оны сейсенбіден бері көрмедік", - деді ол.

Хайрулло Мирсаидов 39 жаста, ол «Азия плюс» агенттігі мен «Дойче Велле» радиосында тілші болып істеген. Бұған дейін Хайрулло Мирсаидов жергілікті билікпен жанжалдасып қалғанын айтқан.

Мирсаидовтың хабарлауынша, КВН командасы 10 қарашада Мәскеуге ұшуы керек болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары