$ 443.35  475.54  4.82

Әсет Исекешев астананың көшірілуіне 20 жыл толуымен қала тұрғындарын құттықтады

Бүгін ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілгеніне тура 20 жыл. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстанның астанасы атанған болатын. Тарихқа сәл шегініс жасасақ, астанамызды Алматыдан Сарыарқа төріне көшіру туралы сындарлы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын.

Осынау айтулы күнге орай бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарын арнайы құттықтады.

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

 Сіздерді 10 желтоқсан – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні егемен еліміздің тарихында, Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептеймін. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды. 

Ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналды. Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Астана қаласының әкімі ​​​​​Әсет Исекешев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары