Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтеді. Айтулы күнге орай ел тұрғындары қатарынан 4 күн демалмақ.
"ҚР мерекелері туралы" заңына сәйкес, елімізде Тәуелсіздік мерекесі 16-17 желтоқсанға бекітілген. Бұл жылы аталған екі күн сенбі мен жексенбіге түскендіктен, мерекелік демалыстар өзге жұмыс күндеріне ысырылады.
Осылайша, 5 күндік жұмыс істейтіндер желтоқсанның 16, 17, 18, 19 күндері демалса, алты күн жұмыс істейтіндер тек 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады.