Оңтүстік Қазақстан облысыеың Сайрам ауданында 6 жасар ұлын өлімші етіп сабаған әйел қамауға алынды. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
10 желтоқсан күні сағат 9-35 те Сайрам АІІБ-ның кезекші бөліміне 2011 жылы туған аудандағы мектептердің бірінің 1 сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында полицейлер Сайрам ауданының 1981 жылғы тұрғыны өз ұлын түнде ұрып-соққанын анықтаған.
«Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 103 «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша Сайрам АІІБ-ның СДТБТ-не тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда полицейлермен оқиғанынң мән-жайы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.