$ 443.85  474.3  4.8

Бердібек Сапарбаев кабинетте отырып алатын шенеунікке ескерту жасады

Құрылыс саласына жауапты шенеунік Нұртас Сейітов бүгін облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтан оңбай сөз естіді, деп мәлімдейді Aktobenews.kz тілшісі.

Алға ауданындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысуға барған Бердібек Сапарбаев облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртас Сейітовке жұмыстағы олқылықтар үшін біраз кейіді.

«Кабинеттен шықпайсыңдар, бір емес, бірнеше ескерту жасадым, неге нәтиже шығармайсыңдар», – деді Сапарбаев.

Қолын қалтасына салып тұрған шенеунікке Сапарбаев «шығар қолыңды, қалтаңнан» деп те кейіді облыс басшысы.

Алға қаласындағы мектеп құрылысындағы кемшіліктер облыс әкімінің көңілінен шықпай қалса керек. Мәселен, мектептің екі есігі бар, арасы шамамен 30-40 метрдің о жақ, бұ жағы.

Сапарбаевтың «құрылыс жұмыстарын неге қадағаламайсыңдар? Қаладан шықпайсыңдар. Құрылыс басқармасына қашан келіп едің, осыған дейін қайда қызмет еттің?» деген сауалына құрылыс басқармасының шендісі кібіртектеп жауап бере алмай қалды.

«Тек ұйықтап жүрген адамсыңдар. Барлығын ретке келтіріңдер», — деді Сапарбаев.

Айта кетейік, Алға қаласында жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын 600 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың шілде айында аяқталып, келесі оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары