$ 494.87  520.65  4.91

Мереке күндері қазақстандықтарды 30 градусқа дейінгі аяз күтіп тұр – синоптиктер

16-20 желтоқсан аралығында ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады, деп мәлімдейді "Қазгидромет" РМК.

"Демалыс күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа райы  жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі, аяз болады деп болжануда. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда кей жерлерде түнде сынап бағанасы 30 градустан төмен температураны көрсетеді",  – делінген хабарламада. 

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2…5°С төмен болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары