Бейнеу ауданында тұратын 15 жастағы қыздың асқазанынан тас түйін болып, бірігіп қалған бір буда шаш шықты. Бұл туралы науқасқа операция жасаған Хирург Талғат Мұқантаев баяндады, деп жазады Ақтау-Лада.
Шаштың көлемі 30x12 сантиметр. Бұл жайт жасөспірім тамақтан кейін құсып, УЗИ-ге түсуге барғанда анықталған. Қыздың асқазаны шашқа толып кеткен екен.
Сұрау барысында анықталғандай, қыз бала жүйке дертіне шалдыққаннан өз шашын жұту әдеті пайда болыпты.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жайттар үш жылда бір рет кездесіп тұрады.