$ 441.66  475.14  4.86

Ертең қазақстандықтар Құман Тастанбековты ақтық сапарға шығарып салады

Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі ертең Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сағат 10:00-де өтеді.

Еске салайық, Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 17 желтоқсанда дүниеден өткен болатын.

Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.

Артист көптеген кино және театр қойылымдарда басты рольдерді сомдаған. Ол бүкіл қазақ халқына «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген ролімен танымал болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары