$ 444.22  476.38  4.82

Белгілі журналист Рахат Мамырбек өмірден өтті

Белгілі журналист Рахат Мамырбек желтоқсанның 20-сы күні таңертең Алматыда ауруханада көз жұмды. Ол 11 желтоқсан күні денсаулығы кенеттен нашарлап, ауруханаға түскен еді деп жазады Азаттық.

Рахат Мамырбек 2012 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарды. Ол Азаттықтағы "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды, AzattyqLIVE тікелей эфирін жүргізді.

Рахат Мамырбек ҚазҰПУ-ды саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болған. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#'Zakova