$ 444.22  476.38  4.82

Желіде зообақта темекі шеккен маймылдың видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Шылым шеккен маймылдың видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Видеодан қазақ жігіттерінің қуыс арқылы маймылға тұтанған шылымды бергенін көруге болады. Жануар шылымды алып, шеге бастайды. Шимпанзе тіпті шылымның күлін қағып қояды. 

Бұл видеоға қатысты Алматы зообағының директоры Ержан Еркінбаев пікір білдірді. 

"Біздің зообақта шыны торлар жоқ. Бізде еркек және ұрғашы шимпанзе бар, бірақ, олар шылым шекпейді деп нақты айта аламын. Сосын видеодағы шимпанзенің біздікінен айырмашылығы бар. Ал Қазақстанның басқа қалаларындағы зообақтарда - Қарағанды мен Шымкентте - шимпанзе жоқ", - дейді Еркінбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео