$ 498.34  519.72  4.85

Алтынайдың артық қылығы жоқ екенін білеміз – Жорабаеваның әкесі

Қазақ эстрадасының әншісі Алтынай Жорабаеваның әкесі алғаш рет қызы хақында қойылған сұраққа жауап берді. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Алтынайдың 40 жылдық өмірі көз алдымызда, оның артық қимылы жоқ екенін білеміз. Ер адамдар бар, сыйлағанды түсініп, жолдасын ол да сыйлайды. Бір ер кісілер бар, сыйлағанды білмейді. Мағынасын өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар. Бірақ, Алтынай шешесінің тәрбиесін алған қыз, ердің алдына шықпа, соған күйеуге тидің бе, соның айтқаны заң деп тәрбиеледік. Бірақ соған келді. Жаңа айтқанымдай, түсінетіні бар, түсінбейтіні бар, көтеретіні бар, көтермейтіні бар», – деп Алтынайдың әкесі Құлажан мырза бұрыңғы күйеубаласына деген өкпе-ренішін астарлап жеткізді.

Айта кетейік, Алтынайдың Сәбитпен ортақ некесінен төрт қызы бар. Бүгінде Әбдіхалықов Алматы қаласында, ал Жорабаева елордада тұрып жатыр. Екеуі бірнеше жыл бұрын ажырасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары