Америкалық уфолог Питер Кейн 65 жыл бойы мұздатқышта сақталған «қар адамының» кесілген басын әлеуметтік желіде көрсетті деп жазады Telegraf.com.
Автордың айтуынша, оның әкесі қар адамының басын 1953 жылы атып әкелген екен. Басының салмағы шамамен 50 келі тартады. Сол уақыттан бері мұздатқышта олжа ретінде тұрып, баласына мұраға қалған.
Ал баласы болса, арада 60 жылдан аса уақыт өткенде ғана бұл құпияларымен бөлісіп, қалың көпшілікке жариялап отыр. Алайда, желі қолданушылары ғалымның бұл мәлімдемесіне тек күле қарады. Көпшілік мұның жай ғана муляж екенін жазуда.
Питер Кейн – Нью-Йорктан шыққан уфолог. Сондай-ақ, ол беймәлім дүниелерді зерттейтінімен де танымал.