$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ тұрғыны президентке хат жазғаны үшін 14 жылға сотталып кетті

Висконсин штатының тұрғыны АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жазып, оны өлтіргісі келетінін айтқан. Алайда, мемлекет басшысының өміріне қауіп төндірді деген айыппен хат авторы 14 жылға сотталып кетті деп жазады Fox News.

Соттың шешімімен айыпты деп танылған 33 жастағы Джозеф Якобовски осы жылдың сәуірінде Ақ үйге хат жіберген болатын. Онда ол 160 беттен тұратын манифестін жариялапты.

Осы ісінен кейін күдікті қару-жарақ сататын дүкеннен қару сатып алып, полицейлерден жасырынып қалған. Тәртіп сақшылары оны 10 күн бойы іздеп әзер тапты.

Сот процесі кезінде АҚШ прокуратурасы күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Ал, айыпталушы Якобовски болса өзін босатуын немесе өлім жазасына кесуін өтінген. Бірақ, сот екеуінің де өтінішін қабылдамай, оны 14 жылға қамауға үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары