АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық қыз қаза тапты деп жазады Tengrinews.kz.
"Біз 1989 жылғы қыздың қайтыс болғанын растаймыз. Жазатайым оқиға болды. Қазақстандық дипломаттар Нью-Йоркте қайтыс болған қыздың туыстарымен байланыста және оларға денені Қазақстанға жеткізу мәселесі бойынша қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Бірақ ведомство өкілдері қайғылы жағдайға қатысты басқа мән-жайды айтпады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қыз жол апатынан қаза тапты.