Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге Украина егемендігіне қол сұққаны үшін салған санкцияны тағы алты айға ұзартты. Шектеу шаралары 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады."Бұл шешім биыл 14 желтоқсанда Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа кеңесіне Минск келісімінің орындалу барысы жайында ақпарат бергеннен кейін қабылданды " деп жазылған Еуропа кеңесінің ресми сайтында.
ЕО Ресейге қарсы санкцияларды 2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін салды. Содан бері шектеу мерзімін ұзартып келеді.
Мәскеу түбекті Ресейге қосуды "тарихи әділеттілік орнату" деп бағалайды, ал Украина шығысындағы қақтығысқа араласқанын терістейді.
Дереккөз: Азаттық