Жаңалықтар 25.12.2017 сағат 05:03

Ливанда такси жүргізушісі Ұлыбритания дипломатын зорлап өлтірді

Ливан мен Ұлыбритания арасында халықаралық дау туындауы мүмкін. Ел астанасы Бейрутте дипломатиялық миссиясын орындап жүрген 30 жастағы Ребекка Дайксты жергілікті такси жүргізушілерінің бірі зорлап өлтірген деп жазады Daily Mail.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл оқиғаға күдікті ретінде Uber такси қызметінің 29 жастағы жүргізушісі Тарек Хаучи ілініп отыр. Қылмыс болған күні Ребекка туристер жиі жиналатын барда достарымен кездесіп, сол жақтан үйіне қайту үшін такси шақырған. Ол сол күйі үйіне жете алмады.

Такси жүргізушісі шетелдікке тиіссе жауапкершілікке тартылмаймын деп үміттеніпті. Сондай-ақ, оның айтуынша, әйел шетелдік болғандықтан оны зорлап кету еш қиындық туғызбаған көрінеді. Оқиғадан кейін бірден ұсталған күдікті еш жасырмастан жасаған қылмысын мойындады.

Полицейлер дипломат әйелдің мәйітін жолдың жиегінен тапқан. Оның денесінен азаптаудың іздері анықталды. Қылмыскер әйелді алдымен зорлап, артынша буындырып өлтіріпті. Марқұм сол күні қысқа белдемше киген екен. Бұл такси жүргізушісін қылмыс жасауға итермелеген.

Ребекка Дайкс Ұлыбританияның Бейруттегі елшілігіне 2017 жылдың қаңтарынан бастап жұмысқа кіріскен. Ал өлтірілген күні ол еліне қайтуды жоспарлаған екен.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар