Палестина ресми тұлғалары Вашингтондағы елшіні АҚШ-пен қарым-қатынастың болашағын талқылау үшін шақыртып алған. Бұл туралы желтоқсанның 31-і күні, АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындау туралы шешімін жарияланғаннан кейін бірнеше аптадан соң хабарланды деп жазады Азаттық.
Палестинаның WAFA ресми ақпарат агенттігі сыртқы істер министрі Раид әл-Малки АҚШ-тағы елші Хусам Зомлотты кеңесу үшін шақыртып алғаны туралы хабарлаған. Малки бұдан соң "Палестина жетекшілігіне алдағы кезеңде АҚШ-пен қарым-қатынасымызға қатысты қажетті шешімдер туралы мәселе талқыланады" деген.
Желтоқсанның 6-сында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін соған көшіру туралы шешімін жариялағаннан кейін палестиналықтардың ашу-ызасын туғызып, тәртіпсіздіктер салдарынан кемінде 13 палестиналық мерт болған, олардың көпшілігі полициямен қақтығыстарда қаза тапқан.
Палестиналықтар Иерусалимді болашақ мемлекетінің астанасы санайды. Израиль Шығыс Иерусалимді өзіне қосып алып, қаланы өз астанасы деп жариялаған, бірақ халықаралық қауымдастық оны мойындаудан бас тартқан.