Орынбор облысының Курманаевка ауданында тұрғын үй өртеніп 7 бірдей адам қайтыс болды. Олардың қатарында үш бала бар. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
РИА Новости тілшілерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Скворцовка ауылында болған. Қайтыс болған балалардың үлкені 13-те, қалған екеуі төрт және алты жаста.
Алдын ала болжам бойынша, жеті адамның барлығы ыстан уланып қайтыс болған. Үйде олар кеш жаққан екен. От бықсып, улы түтін үйге тез таралған. Марқұмдардың денелерінде күйік іздері жоқ.