Перуде жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты деп жазады РИАН Новости. Жол көлік оқиғас ел астанасы Лимадан 70 шақырым қашықтықтағы "Сайтанның бұрылысы" деп аталатын жол бөлігінде орын алған. Соққыдан кейін автобус 100 метрлік құзға құлап кетіпті.
Апат салдарынан қоғамдық көлікте болған 50 адамның 36-сы қайтыс болды.
"Жол көлік оқиғасы Пасамайода (Уараль провинциясы) болды. Қайтыс болғандар саны 36 адамға жетіп отыр. Тағы 6 адам ауыр жарақат алған", - делінген елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.
Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері әлі жұмыс істеуде.