$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда тағы да базар өртеніп жатыр

Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты деп жазады Tengrinews.kz.

Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оның айтуынша, өрт Алатау ауданында Солтүстік айналма көшесі, №36 үйде шыққан.

"Үш-қоңыр" базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ", – деп мәлімдеді Руслан Иманқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары