Синоптиктердің болжамы бойынша 4-6 қаңтарда, яғни осы аптада ауа-райы салқындамай бірқалыпты болады деп мәлімдейді Қазгидрометтің баспасөз қызметі.
Суық Сібір антициклон күші Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райына әсер етеді. Алдағы 3 күнде аяз болмайды. Жауын-шашын да жоқ.
Климаттық нормадан төмен ауа температурасы 2...4 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде ғана күн жылиды. Ал кей жерлерде жауын-шашын, тұман басады. Бұл Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірлері арқылы өтетін циклонға байланысты.