Жаңалықтар 04.01.2018 сағат 04:00

Михаил Саакашвилиді Грузияға экстрадициялау қаупі төніп тұр

Киевтің аймақтық әкімшілік соты 3 қаңтарда Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвилиді босқын деп танудан бас тартты. Саакашвилидің адвокаттары сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Саакашвили миграциялық қызметті өзін босқын деп танудан бас тартқаны үшін сотқа берген деп жазады Азаттық. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Грузия азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвилидің Грузияға экстрадициялану қаупі төніп тұр. Грузияда оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Украина да биыл жазда Саакашвилиді осы ел азаматтығынан айырған. Бірақ ол биліктің бұл шешімін мойындамайды.

Киевтің апелляциялық соты 3 қаңтарда прокуратураның Саакашвилиді қамауға алу туралы шағымын қарауды 11 қаңтарға шегерді. Украина прокуратурасы Саакашвили жетекшілік ететін наразылық акцияларын Ресейдің Украинаға жасап отырған қастандығы деп біледі. Саакашвили бұл айыптауды жоққа шығарады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар