$ 448.15  483.46  4.86

«Қалаулымды» сотқа беріп, түбіне жетемін – бағдарлама қатысушысы (ВИДЕО)

Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Айгерім Нұркеева бағдарламаны сотқа беретінін айтты. Бұл туралы ол youtube әлеуметтік желісінде тікелей эфирде мәлімдеген.

Айгерім бағдарламаның ұйымдастырушыларына ренжулі екенін айтты. Өзін қажет емес деп ысырып тастаған телеарна ұжымының енді бар сырын ашамын деп қорқытып отыр.

«Мені қолдаймын деген адамдар, ұйымастырушылар мені шоу үшін пайдаланып, ақырында тастап кетті. Мен олардың шындықтарын елге жария етемін. «Қалаулым» бағдарламасын сотқа беремін. Олардың түбіне жетемін», – дейді Айгерім.

Айгерім Нұркееваның айтуынша, бағдарламаға қатысқан әр адам үшін телеарна арнайы қаржы бөледі екен. Ішіп-жемінен бөлек, көңіл көтеретін ақша да ұйымдастырушылардың мойынында көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео