11.01.2018, 15:37

Астанадағы боранды жел "Хан шатыр" сауда орталығын зақымдады

"Хан Шатыр" сауда орталығының сыртқы қабаты боран салдарынан зиян шекті, деп хабарлайды Астана Төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Сағат 15.20 кезінде қоңырау түсіп, Хан Шатыр сауда орталығына белгісіз заттар ұшып тиюіне байланысты, шатырдың сыртқы қабатында 1,5-2 шаршы метрдей көлемдегі төрт тесік пайда болғаны хабарланды. Ғимаратқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ және қазіргі уақытта көмек те керек емес", — деп мәлімет берді ведомство.

Айта кетейік, бүгін Астанада боран соғып, жел жылдамдығы сағатына 70 шақырымға дейін жетті. Салдарынан, қала билігі төтенше жағдай жариялап, Астанадан шығар жолдың барлығын жауып тастады. Сонымен қатар, елордадағы мектептер мен колледждер жұмысын тоқтатып, балалар сабаққа жіберілген жоқ.