$ 449.58  486.94  4.86

Непалдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты

Непалдағы жойқын зілзаладан қайтыс болғандар саны әлі де болса өсіп отыр. Соңғы деректерге сүйенсек, табиғи апат құрбандарының саны 8 мыңнан асып жығылған. Бұл жайында Непалдың Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық орталығына сілтеме жасай отырып CNN тілшілері хабарлады.

Нақтысын айтқанда, жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 8019 адамды құрады. Сонымен қатар, 17 мың 866 адам түрлі деңгейде жарақат алған. 366 адамды құтқарушылар үйінділер астынан таба алар емес.

Аталған орталықтың мәліметінше, зілзаладан кейін елдегі ғимараттардың 10 пайыздан астамы зақымданып отыр.

Естеріңізге салайық, 25 сәуір күні таңертең Непалда қуаттылығы 7,9 балл болатын жер сілкінісі орын алды. Жергілікті билік өкілдері мұндай жойқын жерасты дүмпуі соңғы рет 1934 жылы орын алған болатын дегенді айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары