Қазақстан территориясы әлі де циклонның ықпалында болатындықтан, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Павлодар облысында желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан , күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең Қарағанды облысында тұман күтіледі.