Шымкентте алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікке ірі банктің филиалын басқарып келген 45 жастағы Нұржан Көлбаев ілінді. Оған қазір полицейлер іздеу жариялаған.
«Тергеу барысында 45-жастағы күдікті қаладағы банктердің бірінің филиал төрағасы лауазымында болып, салымшылардың ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалағаны анықталды. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190 бабы, 4 бөлімі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда полицейлер Көлбаев Нұржанның болуы мүмкін мекен-жайын анықтау мақсатында барлық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздестіруде жүрген тұлғаны тауып, оны ұстау үшін ОҚО ІІД КПБ және Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Күдіктінің белгілері: бойы 170 см, орта бойлы, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ.