$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуден шаршаған әйел оны өлтіріп тастады

АҚШ-та 37 жастағы латыш әйел 46 жастағы күйеуін суға ағызып өлтірді. Тергеу барысында анықталғандай, ол күйеуінің эротикалық қиялынан жалыққандықтан, осындай қылмысқа барыпты. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Оқиға Нью-Йорк штатындағы ағысы асау Гудзон өзенінде болған. Ер адам қайықпен жүзу үшін суға түскен екен. Осы сәтте әйелі үрмелі қайықтың тығынын қасақана ашып жіберіп, күйеуін қайығымен қоса ағызып жіберген.

Әйелдің айтуынша, күйеуін өлтіруді ол бұрыннан жоспарлап жүріпті. Оған себеп - ер адамның эротикалық қиялы. Марқұм көзі тірісінде төсек қатынасына үшінші адамды да араластырғанды жақсы көрген екен.

Сотта күдікті әйел өз кінәсін толықтай мойындады және 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, қайтыс болған күйеуінің анасы болса бұл жазаны тым жұмсақ деп, қайта шағымданатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары