Таиландта туристер мінген моторлы қайық жарылды деп жазады 24.kz.
Салдарынан 16 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Алтауының жарақаты ауыр. Оқыс оқиға Пхипхи аралдарының жағалауында болды. Бортына 30-дан астам адам мінген қайық серуенге шыққан. Жолаушылардың дені – қытайлық саяхатшылар. Арасында балалар да бар.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқыс оқиғаға жанармайдың төгілуі себеп болған.