Ресейдің Саратов облысында 51 жастағы әйел 80-дегі анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды деп жазады Lenta.ru.
Тергеу барысында белгілі болғандай, 12 қаңтар күні зейнеткер өзін нашар сезініп, еденге құлап түскен екен. Оның қызы алғашында жәрдемдеспек болып анасын диванға жатқызғысы келген. Алайда, көтере алмағандықтан ашуланып, оны алдымен аяқкиіммен сабаған. Аяқкиімнің батпайтынын білген соң даладан күректің сабын әкеліп, сонымен ұрыпты.
Қарт әжей тілге келместен сол жерде жан тапсырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер марқұмның қатты заттан болған соққы салдарынан қайтыс болғанын айтып отыр. Оның қызы болса өз қылмысын мойындап, қазір қамауға алыныпты.